Біз туралы

Біз туралы

Айтаханов Ерлан Қуанышұлы

Шымкент қаласының әкімі

Ерлан Айтаханов 1971 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. 

Білімі:

  • 1994 ж. - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген;
  • 2001 ж. – Қазақ мемлекеттік заң акдемиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.  Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

  • 1994-1995 жж. -  «Alem Bank Kazakhstan» экономисті. Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі бас маманы;
  • 1995-1997 жж. -  «Газойл» фирмасының қаржылық директоры;
  • 1997-1998 жж. - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзара есепке алу бөлімінің басшысы;
  • 1998-2000 жж. - «Қазақстан темір жолы» РМК-ның «Жолаушылар тасымалы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» РМК басшысы орынбасары, қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының басшысы, қаржы және бухгалтерлік есеп, экономика депаратаментінің басшысы;
  • 2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің реттеу департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры;
  • 2003-2006 жж. -  ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік төрағасының кеңесшісі. Алматы қаласы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі департаментінің директоры;
  • 2006-2009 жж. - Алматы қаласының тарифтер жөніндегі басқармасы басшысы. Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитеті басқармасының басшысы. ҚР Қаржы министрлігінің Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау комитеті басшысы;
  • 2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік инспекторы;
  • 2014-2016 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2016-2019 жж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі;
  • 2019 жылдың 30 шілдесінен – Шымкент қаласының әкімі.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге