АЭА және ӨА

АЭА және ӨА

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құрудағы мақсат - текстиль өндірісін дамыту мен оның бәсекеге қабілеттігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну көлемін арттыру мен жоғары құнды дайын текстиль өнімдерін шығару. АЭА аумағы - 200 гектар.

"Оңтүстік" АЭА дамыту мақсатында республикалық бюджет есебінен 8,2 млрд теңгеге инфрақұрылым жүргізілді.

Қазіргі таңда "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 27,8 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асқан. 1056 жұмыс орны ашылды.

АЭА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЖЕҢІЛДІКТЕР

"Оңтүстік" АЭА басқару компаниясы аймаққа қатысушыларға өтініш беруден бастап нысанды пайдалануға беруге дейін "Бір терезе" қағидасы бойынша көмек көрсетеді.

"ОҢТҮСТІК" АЭА АУМАҒЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕРІ

  • корпоративті кіріс салығы;
  • жер салығы;
  • мүлік салығы;
  • қосымша құн салығы (ҚҚС)

"ОҢТҮСТІК" АЭА АУМАҒЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ЖЕҢІЛДІКТЕР

Тауарды "Оңтүстік" АЭА аумағына КІРГІЗГЕНДЕ кедендік баж салығынан босатылу

«ОҢТҮСТІК» АЭА ӨЗГЕ ДЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР:

  • Шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген тәртібі
  • 10 жыл мерзімге тегін берілетін жер учаскесі.

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР (ИА)

Өңірдің инвестициялық қызығушылығын арттыру және шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың барлық қала-аудандарында индустриалды аймақтар құрылуда. Олардың жалпы саны бүгінгі таңда 11-ге жетті, жалпы ауданы - 959 га.

Қазіргі таңда 9 индустриалды аймақта инфрақұрылым жүргізілген (Шымкент қаласында «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары, Түркістан, Кентау қалалары, Созақ, Шардара, Түлкібас, Қазығұрт және Мақтаарал аудандары).

Бұған қоса Бәйдібек және Ордабасы аудандарында ("Бадам" КТИА) инфрақұрылым тартылуда.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды аймақтарында жалпы құны 166 млрд теңге болатын 170 жоба жүзеге асуда. Онда 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. 170 жобаның ішінде жалпы құны 34,4 млрд теңге болатын 67 жоба жүзеге асты. Төрт мыңнан астам жұмыс орны құрылды (66 жобаның 46-сы "Оңтүстік" индустриалды аймағында жобаға асты).

Индустриалды аймақтардың тартымдылығы

  • Дайын инфрақұрылым: электр желісі, газ, су мен өзге де инженерлі-коммуналды жүйе тартылған
  • Тариф 30%-ға арзан
  • Жер учаскелерін жалға алу немесе нарықтан төмен бағаға сатып алу*
  • Қолайлы логистикалық орны
  • Жобаларды "Бір терезе" қағидасымен қолдау
  • Индустриалды аймақ мүшелерінің тауары мен қызметтерін сүйемелдеу

*Жоба басым бағыттарға сәйкес келген жағдайда жер учаскесі тегін беріледі

Бизнесті қолдау мен дамытуға арналған Бірыңғай "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарлама аясында 2016 жылы төмендегідей жобалар қолданды:

- бірінші бағыт бойынша:

- «GOLDEN NOMAD» ЖШС-нің "Айналым қаражатын толықтыру. Киім тігуге қажет шикізат пен материал сатып алу" жобасы. Несие сомасы – 300 млн теңге.

- екінші бағыт бойынша:

- «Бал Текстиль» ЖШС-нің "Айналым қаражатын толықтыру" жобасы, тең борышкер - «Long-term Partner» ЖШС. Несие сомасы – 250 млн теңге.

- «ШАБИТЕКС» ЖШС-нің "Айналым қаражатын толықтыру (арнайы киім тігу үшін мата, синтепон мен түрлі керек-жарақ сатып алу" жобасы. Несие сомасы – 44 млн теңге.

- «Кирал Достық» ЖШС-нің "Айналым қаражатын толықтыру" жобасы, тең борышкер - «Умиргалиева Балжан Орынбасаровна» ЖК. Несие сомасы – 15 млн теңге.

- үшінші бағыт бойынша:

- «Шымкент-Кашемир» ЖШС-нің "Айналым қаражатын толықтыру (ары қарай өңдеп, өндіру үшін шикізат сатып алу" жобасы. Несие сомасы – 50 млн теңге.

- «AZALA Textile» ЖШС-нің "Айналым қаражатын толықтыру" жобасы. Несие сомасы – 1 млрд 100 млн теңге.

«Оңтүстік» АЭА

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1 605 Жарлығымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құрудағы мақсат - текстиль өндірісін дамыту мен оның бәсекеге қабілеттігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну көлемін арттыру мен жоғары құнды дайын текстиль өнімдерін шығару. АЭА аумағы - 200 гектар.

"Оңтүстік" АЭА дамыту мақсатында республикалық бюджет есебінен 8,2 млрд теңгеге инфрақұрылым жүргізілді.

Қазіргі таңда "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында жалпы құны 27,8 млрд теңгенің 10 жобасы жүзеге асқан. 1056 жұмыс орны ашылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге