Іс-шаралар

Іс-шаралар

«SHYMKENT DEVELOPMENT FORUM– 2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

Шымкент қаласы, RIXOS KHADISHA

8 желтоқсан күні Шымкент қаласында «Shymkent Development Forum– 2018» халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Форумның басты мақсаты қатысушыларды Шымкенттің даму стратегиясымен, қаланың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, қолайлы инвестициялық ілгерілету, шағын және орта бизнесті ынталандыру, үшінші мегаполис экономикасына отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, сонымен қатар туризмді дамыту болып табылады.

Форум алаңында бизнес жүргізу басымдығы және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру секілді мәселелер, сонымен қатар жергілікті және орталық деңгейде жүргізіліп отырған кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қолдау шаралары талқыланады.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге